Иран арқылы Иракқа табиғи газ

«Түрікменгаз» президенті Мақсат Бабаев Ирак Электр энергетика министрі Зияд Али Фадельмен кездесті.

2048290
Иран арқылы Иракқа табиғи газ

Түрікменстан екіжақты валюта (swap) келісімімен Иран арқылы Иракқа жыл сайын шамамен 10 миллиард текше метр табиғи газ экспорттауды жоспарлап отыр.

Түрікменстан «Алтын Асыр» телеарнасының хабарына қарағанда «Түрікменгаз» мемлекеттік корпорациясы президенті Мақсат Бабаев және жанындағы делегация Ирактың астанасы Бағдадта Электр энергетика министрі Зияд Али Фадельмен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланып, «Түрікменгаз» мемлекеттік корпорациясы мен Ирактың Электр энергетика министрлігі арасында газ саласындағы ынтымақтастыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Келісім аясында жыл сайын шамамен 10 миллиард текше метр түрікмен табиғи газын Иран арқылы (swap) әдісімен Иракқа жіберу жоспарланып, Иранның ұлттық газ компаниясымен келіссөздер жүргізілуде.



Ұқсас жаңалықтар