БҰҰ делегациясы Қарабахта

БҰҰ миссиясының бұл сапары - 30 жылға жуық уақыттан кейін аймаққа бірінші сапары.

2044799
БҰҰ делегациясы Қарабахта

Әзербайжанның Қарабах аймағына Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) делегациясы тексеру жүргізу үшін барды.

Агдам-Ханкенди бағыты арқылы аймаққа жеткен БҰҰ делегациясы Лачындағы шекара бекеті мен Ханкенди қаласын тексерді.

БҰҰ миссиясының бұл сапары - 30 жылға жуық уақыттан кейін аймаққа бірінші сапары.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айхан Хажызаде Әзербайжан армиясының өткен айда 24 сағат бойы жүргізген антитеррорлық операциясынан кейін аймақтағы жағдайды көру үшін БҰҰ-ның тиісті мекемелерінен тұратын делегацияны Әзербайжанға шақырғандарын хабарлады.

Хажызаде делегацияның Әзербайжанның аймақтағы гуманитарлық шараларын, инфрақұрылым жұмыстарын, заңсыз армян күштерінің қарусыздану үдерісін және мина қаупін орнында қадағалайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар