Пашаева қайтыс болды

24 қыркүйек күні Бакуде ауруханаға жеткізілген Пашаева кеше қайтыс болды.

2043861
Пашаева қайтыс болды

Әзербайжан Ұлттық мәжілісінің Мәдениет комитеті төрайымы,  депутат Ганире Пашаева қайтыс болды.

Белгісіз гипотониялық жағдай деген диагнозбен 24 қыркүйек күні Бакуде ауруханаға жеткізілген Пашаева кеше қайтыс болды.

Ганире Пашаева 1975 жылдың 24 наурыз күні Әзербайжанның Товуз қаласында дүниеге келді. Әзербайжан Медицина университеті Педриатрия кафедрасы мен Баку Мемлекеттік университеті құқық бқлімін бітірген Пашаева 1998 жылы теледидарда жұмысын бастады.

2005 жылы парламент сайлауында Товуз қаласы депутаты болып сайланған Пашаева мәжілісте түрлі қызметтер атқарды.

Ол Түркияда да түрлі шараларға қатысты.  Түркі әлеміне бағытталған еңбегі көп Пашаева «Түркияның мықты болуы – Түрік әлемінің мықты болуы деген сөз» дейтін еді.



Ұқсас жаңалықтар