Әзербайжан Қарабахқа көмекті жұмылдырды

Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хажиев хабарлады.

2042476
Әзербайжан Қарабахқа көмекті жұмылдырды

Кеше Қарабах аймағындағы жанармай қоймасындағы жарылыс пен өрттен кейін Әзербайжанның аймақ халқына көмектесу үшін барлық мүмкіндікті жұмылдырғаны хабарланды.

Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хажиев әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Әзербайжанның оқиғадан зардап шеккен аймақтың армян халқына көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерін жұмылдырғанын, Агдам, Сабирабад және Саатли ауруханаларының зардап шеккендерді қабылдау және емдеу үшін әлеуетінің күшейтілгенін айтты.

Күйікті емдеуге қажетті дәрі-дәрмекпен қатар аймаққа азық-түлік көмегі де жасалғанын айтқан Хажиев көмектің бүгін және алдағы күндері де жалғасатынын атап көрсетті.

Хажиев Армениядан Қарабах аймағына медициналық бригада жеткізетін тікұшақтың өтуіне рұқсат етілгенін және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің лауазымды тұлғаларымен медициналық эвакуация үшін қосымша шаралар қабылдау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Арменияның ресми ақпарат агенттігі «Арменпресстің” Қарабахтағы армян өкілдерінің хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген 7 адамды құтқару мүмкін болмады, кім екені белгісіз 13 мәйіт сот-медициналық мәйітханаға жеткізілді, 290-ға жуық адамның  денесін күйік шалған. Олар емделіп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар