Тоқаев Беларусь, Қырғызстан және Ресей премьер-министрлерін қабылдады

Кездесулерден кейін Үкімет басшылары «Иннопром» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің ашылуына қатысты.

2042248
Тоқаев Беларусь, Қырғызстан және Ресей премьер-министрлерін қабылдады

Қазақстанда «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесі ашылды.

Көрменің ашылуына келген Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей премьер-министрлеріне түрлі өнімдер таныстырылды.

Қазақстанда Беларусь, Қырғызстан және Ресей премьер-министрлері «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысу үшін бас қосты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда сарайында премьер-министрлерді қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларын қабылдауында қазақ жерінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан халықаралық «Иннопром. Қазақстан» өнеркәсіп көрмесіне қолдау көрсеткені үшін оларға ризашылық білдірді. Сондай-ақ ол өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында бірлескен кәсіпорындар мен ірі жобалардың саны артып келе жатқанын атап өтті.

Ол биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сыртқы сауда көлемі 13 пайызға артқанын хабарлады.

Кездесулерден кейін Үкімет басшылары «Иннопром» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің ашылуына қатысты.

2019 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан көрменің  биылғы тақырыбы заманауи индустриялық стратегиялар болды. 3 күн бойы жалғасатын жәрмеңкеге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысуда.

Келушілерге металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен фармацевтика салаларынан өнімдердің кең ауқымы ұсынылады.

Қазақстан серіктестерімен бірлесіп өнеркәсіп саласында 38 бірлескен жобаны жүзеге асырды.



Ұқсас жаңалықтар