Нахчыванда Ердоған мен Әлиев кездесті
Ердоған мен Әлиев ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен бір күндік жұмыс сапарымен Нахчыванға барды.
Президент Ердоғанды Нахчыван әуежайында Әлиев ресми рәсіммен қарсы алды.
Одан кейін екі басшы Нахчыван Автономиялық Республикасының Жоғарғы Мәжілісіне барып, оңаша кездесу өткізді.
Кездесуде Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастары, Қарабахтағы соңғы оқиғалар, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Ердоған мен Әлиев кейін Ығдыр-Нахчыван табиғи газ құбыр желісінің ашылуы рәсіміне қатысты.
Басшылардың қатысуымен екі ел арасында түрлі салада 3 келісімге қол қойылды.
Екі лидер одан кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.
Ердоған «Игдыр-Нахчыван табиғи газ құбыры жобасы Әзербайжанмен энергетика саласындағы серіктестігімізді одан әрі тереңдетіп, Еуропаның энергия қауіпсіздігіне де үлес қосады» деді.
Өткен аптада Қарабахта жүргізілген лаңкестікке қарсы операцияға қатысты Ердоған Әзербайжанның армян қарулы топтарына қарсы осы соңғы жеңісімен аймақта жан-жақты қалыпқа келу үшін жаңа мүмкіндіктер терезелерінің ашылғанын айтты.
Ильхам Әлиев те «Түркиямен бір-бірімізді қолдау арқылы біз аймақтық мәселелерді дұрыс бағытқа сілтейміз. Біз аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық болғанын, соғыстың болмайтынын қалаймыз» деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Түркияда мектеп салады
Қазақстанның қаржысымен салынатын 32 сыныптық мектептің іргетасы кеше қаланды.