"Ынтымақтастығымыз жаңа нәтиже береді"

Йылмаз СКТР президенті Ерсин Татармен Никосияда бас қосты.

2036617
"Ынтымақтастығымыз жаңа нәтиже береді"

Вице-президент Жевдет Йылмаз Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) арасындағы ынтымақтастықтың жаңа нәтиже беретініне сенетінін айтты.

Йылмаз СКТР президенті Ерсин Татармен Никосияда бас қосты.

Оңаша кездесуден бұрын мәлімдеме жасаған вице-президент «Түркия ғасырының» сонымен бірге «СКТР ғасыры» болатынын,  СКТР-ның әлемде ықпалды және барлық каналдары ашық ел болатынын атап көрсетті.

СКТР сапары аясында тиімді кездесулер мен жиналыстар өткізгенін білдірген Йылмаз «Түркия Республикасы мен СКТР-ның байланыстары нығайып жалғасатынына және халықаралық салада осы ынтымақтастықтың жаңа нәтижелер беретініне сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар