Әзербайжан Аргентинаға нота берді

Аргентинаның Әзербайжандағы елшісі министрлікке шақырылды.

2036182
Әзербайжан Аргентинаға нота берді

Әзербайжан Аргентинаға нота берді.

Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі хабарлады.  Министрлік Аргентинаның Әзербайжандағы елшісінің министрлікке шақырылғанын білдірді.

Аргентинаға президент Фернандестің G20 саммитінде «Әзербайжанға қарсы соқыр сенім көзқарастарын тілге тиек еткені» үшін елші арқылы нота берілді. Елшіге Фернандестің «Арменияның Әзербайжанға бағыттап жүргізген «жамандау» акциясына сүйенетін, аймақтағы шындықтарды бұрмалайтын, елдің егемендік және аумақтық тұтастығына қайшы, негізі жоқ көзқарастарды» тілге тиек етуінің «өкпе туғызғаны» айтылды.

G20 саммиті Үндістанның бас қаласы Жаңа Делиде 9-10 қыркүйек күндері өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар