Бүгін - Қазақстанда Концитуция күні мерекесі

28 жыл бұрын Қазақстанның Конституциясы жалпыхалықтық референдумда қабылданды.

2030950
Бүгін - Қазақстанда Концитуция күні мерекесі

Қазақстанда "30 тамыз Конституция күні" тойлануда. Осыдан тура 28 жыл бұрын Қазақстанның Конституциясы жалпыхалықтық референдумда қабылданды.

Конституция күніне орай елдің түкпір-түкпірінде түрлі мәдени және спорттық шаралар өтіп жатқанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдады.

Тоқаев өз жолдауында жаңартылған Конституцияның қазақ елінің бірігуінің символына айналғанын атап көрсетті.

Тоқаев «Негізгі заңымыз елдің саяси жүйесін  демократияландыруды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін ауқымды өзгерістердің берік тұғыры саналады. Конституциялық Соттың құрылуы – осындай институционалды реформаның бірі. Бұл құрылым азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалатынына әрдайым кепілдік беретін Ата заңымыздың рөлін мейілінше арттырды» деді.

«Жалпыға бірдей жол ашатын Әділетті Қазақстанды құру үшін Конституция қағидалары қатаң сақталып қана қоймай, қоғамның сана-сезіміне біржола орнығуға тиіс» екенін атап көрсеткен Тоқаев ««Адал азамат» деген атқа лайық әрбір адам Ата заңның биік мұраттарын қолдайтынына және оны өмірлік ұстанымына айналдыратынына  нық сенімдімін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!» деді.

1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауымен тәуелсіздігін алған Қазақстанда 1993 жылы тұңғыш Конституция қабылданғанымен, екі жылдан кейін өзгерістер енгізілді.

1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясының 33 бабы 2022 жылдың маусым айында өткен референдуммен өзгертілді.



Ұқсас жаңалықтар