Тоқаев БРИКС саммитінда сөз сөйледі

Президент форумда Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйледі.

2029252
Тоқаев БРИКС саммитінда сөз сөйледі

Қазақстан президенті 15-ші  БРИКС саммиті аясында Йохханесбургте өткен мемлекеттер басшыларының «БРИКС Плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты. Президент форумда Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйледі.

Әлемдегі азық-түлік пен тыңайтқыш жеткізу ісіне саясатты араластырмай, оларды кез келген санкциялар мен шектеулер ықпалынан босату керектігін баса айтқан Тоқаев «Аса маңызды «Бір белдеу – бір жол» бастамасын толықтыратын Транскаспий халықаралық көлік дәлізі сауда саласындағы ынтымақтастыққа кең мүмкіндік ашады. Мұндай ықпалдастық өңіраралық сауда-саттықтың дамуына және біздің аймақтардың көлік-транзит әлеуетін толық танытуға септігін тигізеді» деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ, БРИКС және «БРИКС Плюс» құрамындағы елдердің өте маңызды саналатын цифрлық орта, электрондық коммерция, киберқауіпсіздік салаларындағы әлеуеттерін біріктіріп, ақпарат алмасу ісін кеңейтуді ұсынды.

Ол Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынғанын білдірді. сонымен бірге Қазақстанның осы өзекті проблеманы шешу жолындағы ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін атап көрсетті. «ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары – уақтылы көтерілген бастама. Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін» деді Қазақстан мемлекет басшысы.



Ұқсас жаңалықтар