Анкара төрінде Абай әндері шарықтады

Түркияның бас қаласында «Абай әлемі» атты рухани-тағылымдық іс-шара өтті.

2023419
Анкара төрінде Абай әндері шарықтады

2023 жылы 10 тамыз күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толуына орай  Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Анкара қаласының Кечиөрен муниципалитеті, «Көк ту» Қазақ мәдениеті қоғамының ұйымдастыруымен «Абай әлемі» атты рухани-тағылымдық іс-шара өтті.

Қазақ және түрік зиялылары, студенттер, жергілікті тұрғындар және Қазақстандық  азаматтардың қатысуымен Абай ескерткішінің алдында алдында өткен шарада  жастары Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндерін шырқап, қара сөздері мен өлеңдерін оқыды.

Анкара, Стамбул, Анталия сынды түрік қалаларында бой көтерген Абай ескерткіштері бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастың жоғары деңгейінің айқын көрінісі бола бермек.



Ұқсас жаңалықтар