Ақтаудағы чемпионатта түрік оқушылар жеңіске жетті
Қазақстан күміс жүлдегер атанса, Үндістан қола жүлдені еншіледі.
Жастар шахматтан үлкен жетістікке жетті.
Түрік оқушылар Қазақстанның Ақтау қаласында өткен Мектеп командалары арасындағы әлем чемпионатында жеңілместен чемпион атанды.
Жаттықтырушы Дога Джихан Гөкселдің жетекшілігімен жарысқан «ENKA» орта мектебінің командасы құрамында Ышык Джан, Адар Тархан, Хасан Хүсейин Челик және Ишыл Джан болды.
Сегіз раундтың барлығын жеңіспен аяқтаған түрік оқушылар команда ретінде бірінші орын алды.
Қазақстан күміс жүлдегер атанса, Үндістан қола жүлдені еншіледі.
Халықаралық шахмат федерациясы алғаш рет ұйымдастырған шахматтан мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында 53 елден 400-ден астам спортшы бақ сынады.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Азия сауда форумы басталды
Алматыдағы форумға әлемнің түкпір-түкпірінен бизнес әлемінің 300-ден астам өкілі қатысты.
Түрікменстан газы Әзербайжан мен Грузия арқылы Түркияға жеткізіледі
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мәлімдеме жасады.