Әзербайжан-Армения-Еуроодақ үштік жиналысы Брюссельде өтті

ЕО Кеңесі төрағасы Шарль Мишель жиналыстан кейін мәлімдеме жасады.

2012076
Әзербайжан-Армения-Еуроодақ үштік жиналысы Брюссельде өтті

Еуроодақ Кеңесі төрағасы Шарль Мишель Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздердің ең ауқымды және тиімді сатыларынан бірін бастан өткеріп жатқанын мәлімдеді.

Мишель Бельгияның бас қаласы Брюссельде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен үштік кездесуден кейін мәлімдеме жасады.

Аталмыш жиналыстың мамыр айының басынан бері Брюссель, Кишинев, Вашингтон, Мәскеу және Армения мен Әзербайжан лауазымдылары қатысқан қарқынды және нәтижелі жоғары деңгейдегі байланыстардың соңғысы екенін айтқан Мишель келіссөздің шынайы және мағыналы өткенін білдірді.

«Армения мен Әзербайжан арасындағы келіссөздердің ең ауқымды және тиімді сатыларының бірін бастан өткеріп жатырмыз» деген Мишель көшбасшыларды бітімгершілік үдерісіне берік ұстанымдары үшін жоғары бағалайтынын, оларды қалыпқа келу жолында шешуші және ілгерілеуді қамтамасыз ету үшін одан әрі батыл қадамдар басуға шақыратынын атап өтті.

Келіссөздерде күн тәртібіне келген тақырыптардың қатарында егемендік пен аумақтық тұтастыққа да тоқталған Мишель «Армения мен Әзербайжан басшылары басқа елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігіне құрметпен қарайтынын тағы да толық растады. Бұл түсінік бойынша Арменияның аумағы 29 800 шаршы шақырым, Әзербайжанның аумағы 86 600 шаршы шақырымды құрайды» деді.

Мишель екі басшының да шекаралар тақырыбында саяси негіз ретінде 1991 жылғы Алматы декларациясына нақты бағыныштылық танытқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар