Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған кейбір елдердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.

2005166
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті

Президент Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Эрсин Татар, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Біріккен Араб Әмірліктері Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Сомали Президенті Хасан Шейх Махмуд және Алжир президенті Абдулмеджид Теббунмен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесті.

Әңгімеде басшылар өзара Құрбан айттың түрік әлеміне, ислам әлеміне және барша адамзатқа  тыныштық пен береке әкелуін тіледі.

Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткізген әңгімесінде Қазақстанның Абай облысында орын алған орман өртіне қайғысын білдіріп, Түркияның аймақта атқарылатын жұмыстарға қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін білдірді.

Ердоған Сомали Президенті Махмудпен сөйлескен кезде Сомалиде саяси келісім мен бейбітшілік орнату жолындағы үдерісті мұқият қадағалағанын айтып, «Сіздерге қолдау көрсетуді жалғастырамыз» деп көрсетті.

Президент Ердоған Алжир Президенті Теббунмен әңгіме барысында Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің соңғы отырысында қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үдерісін қадағалап отырғанын айтып, «Сіздерге жалғасты қолдау көрсетіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар