Семей орманындағы өртте қаза тапқандар саны 15-ке көбейді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Министрлер кеңесінің апта сайынғы отырысында сөндіру жұмыстары жалғасып жатқан орман өртінің себебіне байланысты жүргізілген тергеу туралы ақпарат берді.

1999165
Семей орманындағы өртте қаза тапқандар саны 15-ке көбейді

Шығыс Қазақстанның Абай облысындағы Семей орманында 8 маусымда тұтанған орман өртін сөндіру жұмыстарында қаза тапқан кісі саны 15-ке көбейді.

Облыстық полиция департаменті таратқан мәлімдемеде 10 маусымда жоғалып кеткен орман қызметкері Сергей Архиповтың жансыз денесі табылғаны хабарланды.

Бұған дейін аталған жұмысшының тракторымен өрт сөндіру жұмыстарына шыққаны хабарланған, бірақ онымен байланыс үзілген болатын.

Шығыс Қазақстанның Абай облысындағы Семей орманында 8 маусымда тұтанған орман өртін сөндіру жұмыстары барысында 14 орман жұмысшысының қаза тапқаны жарияланған болатын. 

Елде 12 маусымда қаза тапқан орман қызметкерлеріне арналған «ұлттық аза» жарияланды.

Сонымен бірге Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Министрлер кеңесінің апта сайынғы отырысында сөндіру жұмыстары жалғасып жатқан орман өртінің себебіне байланысты жүргізілген тергеу туралы ақпарат берді.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеуге қауіпсіздік күштері мамандарының да қатысқанын айтқан Ахметжанов:

"Өрттің әдейі тұтандырылғаны жайлы күдік бар. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұған қоса абайсыздық пен найзағайдың түсу себебі де ескерілуде. Тергеуге 2 ай уақыт берілді" деді.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр да өрт болған күні елде Астана Халықаралық форумы өткенін, өрттің көлемі бастапқыда жете бағаланбағанын айтты.

Скляр сол себепті Бас прокуратура арнайы тергеу жүргізіп жатқанын және осы аяда салғырттық танытқандар анықталатынын хабарлады.

Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков Семей орманындағы өрт екі найзағайдан шыққанын мәлімдеген еді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, өңірдегі өртті сөндіру қарқынын бәсеңдетпей, күні-түні жалғасуда. Өртті сөндіруге 1800-ден астам жұмысшы, 350 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылған.

Түнгі уақытта Семей қаласына қарай жылжыған өрттің алды алынды.

Өрт салдарынан эвакуацияланған ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облысқа 100 адамнан тұратын жандармерия тобы жіберілді.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жалпы аумағы 60 мың гектардан асатын өрттің 43 мың гектары белсенді өртке оранғанын айтты. Өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі жоқ екенін айтқан Ұранхаев өртті сөндіру жұмыстары екі бағытта жалғасып жатқанын білдірді.

Елде сонымен бірге  кейбір облыстардағы орман алқаптарына кіруге тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар