Қазақстанда орман өрті жалғасуда

Өртті сөндіруге 1800-ден астам жұмысшы, 350 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылған.

1999044
Қазақстанда орман өрті жалғасуда

Шығыс Қазақстандағы Абай облысында 8 маусымда тұтанған орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, өңірдегі өртті сөндіру қарқынын бәсеңдетпей, күні-түні жалғасуда. Өртті сөндіруге 1800-ден астам жұмысшы, 350 техника және 14 тікұшақ жұмылдырылған.

Түнгі уақытта Семей қаласына қарай жылжыған өрттің алды алынды.

Өрт салдарынан эвакуацияланған ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облысқа 100 адамнан тұратын жандармерия тобы жіберілді.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жалпы аумағы 60 мың гектардан асатын өрттің 43 мың гектары белсенді өртке оранғанын айтты. Өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі жоқ екенін айтқан Ұранхаев өртті сөндіру жұмыстары екі бағытта жалғасып жатқанын білдірді.

Өрт аймағындағы ауылдардың эвакуацияланып, азаматтардың уақытша орталықтарға орналастырылғанын атап өткен Ұранхаев «Түтіннен зардап шеккен екі орман қызметкерінің жағдайы жақсы. Бір жұмысшыны іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Оның тракторы кеше өрт болған жерден табылды» деді.

Ұранхаев орман өртінде қаза тапқан 14 орман қызметкерінің отбасыларына қажетті қолдау берілетінін айтты.

Елде сонымен бірге  кейбір облыстардағы орман алқаптарына кіруге тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар