12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

12 маусым Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

1998528
12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

Жалпыұлттық аза тұту күні барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерде мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Ойын-сауық және көңіл көтеру сипатындағы бағдарламалар мен іс-шаралар тоқтатылады. Ресми мемлекеттік органдар мен ақпарат сайттарының беттері ақ-қара түспен жабылды.

Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев өрт жалғасқан Абай облысында құрылған төтенше жағдай штабында билік өкілдерімен кеңес өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз» деді.

Тоқаев мәжілісте тиісті министрлік пен облыс әкімдігі апаттың алдын алуды жеткілікті түрде ұйымдастыра алмамағанын мәлімдеді.

Бас прокуратура өртке қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Арнайы тәжірибелі прокурорлар жұмылдырылған тергеу аясында өртке қатысты жауапты мекемелер мен құзырлы органдардың әрекетіне құқықтық баға беру мақсатында немқұрайлылық дерегі бойынша іс қозғалды.

Өрт жалғасқан 3 түйінде сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанда, облыстағы өрт салдарынан қою түтіннің ықпалында қалған кейбір ауылдардың эвакуацияланғанын облыс әкімдігі хабарлады.

Қазақстанның Төтенше төтенше жағдайлар министрі Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов журналистерге жағдайдың бақылауда екенін, бірақ ауа температурасының көтерілуі және желдің қатты есуі салдарынан аймақта қайта тұтану қаупі бар екенін айтты.

Шәріпханов облыстағы өртті сөндіруге адам мен техника жеткілікті екенін мәлімдеді.

Өрт жалмаған аумақтың күннен-күнге кішірейіп бара жатқанын атап өткен Шәріпханов «Біздің болжамымыз бойынша, өртті алдағы бірнеше күнде сөндіреміз» деп көрсетті.

8 маусымда Абай облысындағы Семей орманында өрт шығып, өртке алғашқы көмек көрсеткен 14 орманшы қаза тапқан еді.

 



Ұқсас жаңалықтар