Қазақстанда орман өртінен қаза тапқандар саны 14-ке жетті

ҚР Төтенше жағдай министрлігі тағы 11 орманшының мәйітінің табылғанын мәлімдеді.

1998072
Қазақстанда орман өртінен қаза тапқандар саны 14-ке жетті

Қазақстанның Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан орманшылар саны 14-ке жетті.

ҚР Төтенше жағдай министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда Абай облысындағы орман өрті салдарынан қаза тапқан тағы 11 орман шаруашылығы қызметкерінің мәйіті табылды.

Орман өртінен қаза тапқан орманшы саны осылайша 14-ке жетті. 9 маусым күні Абай облысында түнде басталған орман өртінің аумағы 60 мың гектарға жетті.

Успенское орман қызметінің 11 орманшысымен өрт шыққан күні байланысы үзілген, өрт сөндірушілер іздестіру-құтқару жұмыстарын бастаған болатын.

Министрлік кеше өрт салдарынан 3 орманшының қаза тапқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар