Қазақстанның Абай облысындағы өртте 3 кісі мерт болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-13 маусымда Вьетнамға жоспарланған ресми сапарын өрт апатына байланысты кейінге шегерді.

1997975
Қазақстанның Абай облысындағы өртте 3 кісі мерт болды

Қазақстанның Абай облысында 3 адам қаза тауып, 60 мың гектар жерді шарпыған орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өрт салдарынан 3 орман қызметкері қаза тапты, 11 жұмысшыны іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Облыс бойынша 316 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазақстан Премьер-министрлігінің мәлімдемесінде премьер-министр Әлихан Исмаиловтың орман өртіне байланысты шұғыл кеңес өткізгені хабарланды.

Мәлімдемеде Абай облысына қарасты Семей орманында 8 маусымда тұтанған өрт кеше тез тарала бастағаны білдірілді.

Мәлімдемеде өрт шарпыған аумақтың 60 мың гектардан асқаны, сөндіру жұмыстарына көршілес аймақтардан сарбаздар мен өрт сөндірушілер тобы жіберілгені хабарланды.

Мәлімдемеде аймақтағы жағдайдың бақылауда алынғаны, өрттің ауылдарға таралу қаупі жоқ екені білдірілді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-13 маусымда Вьетнамға жоспарланған ресми сапарын кейінге шегеріп, үкіметке өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.

Тоқаев Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты.



Ұқсас жаңалықтар