Қазақстанда Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссиясы жиналды

Қазақстанда Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссиясының алғашқы отырысы өтті.

1993091
Қазақстанда Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссиясы жиналды

Қазақстанның бас қаласы Астанада Халықаралық Түркі академиясында Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Жиналыста түркі мемлекеттерінің әліпбиін келістіріп, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланды.

Жиынға Түркі академиясы төрағасы, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары, Түркия Республикасы Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих Жоғары кеңесі төрағасы, Түрік тілі қоғамы төрағасы, белгілі түрколог, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен қонақтар қатысты.

Жиынның ашылу баяндамасын жасаған Түрік академиясы төрағасы Шахин Мұстафаев латын әліпбиіне негізіндегі ортақ әліпби мәселесінің 1926 жылғы Баку Түркология съезінен басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасқан процесс екенін түсіндірді.

Муcтафаев «1926 жылы Бакуде өткен 1-ші Түркология съезінде түрік халқын жаңа латын ортақ әліпбиіне көшіру туралы шешім қабылданды. Бірақ бұл талпыныстың нәтижесі белгілі. 1939-1940 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында тұрған барлық түрік және мұсылман халқы пайдаланған жалпы латын әліпбиі күштеп кириллицамен алмастырды. 1991 жылы тәуелсіздіктерін алған түрік мемлекеттерінің алдында әліпби мәселесі бір өркениет және мәдени бірегейлік мәселесі ретінде қайта көтерілді. Бүгінде түрік мемлекеттері әліпбилерін үйлестіру мәселесі түрік мемлекеттері ынтымақтастығының маңызды күн тәртібі» деді.

Жиында баяндама жасаған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш болса ортақ латын әліпбиіне көшу озық технологиялар мен инновацияларға ғана емес, инвестиция саласына да оң әсер ететінін мәлімдеді.

Тұмыш «Егер ортақ түрік әліпбиі құрылса, түркі халықтарының ынтымақтастығын нығайта түсетіні сөзсіз» деді.

Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссиясының алғаш жиналысы аясында 4 отырыс өткізілді. Алғашқы отырыста «Туысқан мемлекеттер арасындағы әліпби бірлігі мен мемлекеттік тіл саясаты» қолға алынса, екінші отырыста Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссиясының міндеттері мен жұмыс принциптері» тақырыбы талқыланды. Жиынның үшінші отырысында «Ортақ әліпбиді дамытудың жол картасы», төртінші отырыста болса «Қорытынды декларация» қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар