Армения күштері шабуыл жасады

Әзербайжан әскерінде шығын болмады және  олар  есесін жібермеді.

1988008
Армения күштері шабуыл жасады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения күштерінің шекарадағы Әзербайжан бекіністеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен  шабуыл жасағанын хабарлады.

Министрлік мәлімдемесінде Армения армиясының жергілікті уақыт бойынша сағат 07:15 шамасында Келбаджар облысының Йелличе елді мекені бағытында Әзербайжан армиясының бекіністеріне ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасағаны хабарланды.

Әзербайжан әскерінде шығын болмады және  олар  есесін жібермеді.

Мәлімдемеде аймақтағы шиеленістің барлық жауапкершілігі Арменияның әскери және саяси әкімшілігіне тиесілі екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар