Әзербайжан мен Армения кейбір баптарда келісімге келді

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады.

1982932
Әзербайжан мен Армения кейбір баптарда келісімге келді

Әзербайжан Армениямен «Бейбітшілік және мемлекеттер арасы қатынастардың құрылуына байланысты екі жақты келісім» жобасының кейбір баптарында уағдаласқандарын хабарлады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен басшылығында Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян басшылығындағы екі ел делегацияларының кездесулері жөнінде жазбаша мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде «Министрлер мен қасындағы делегация мүшелері «Бейбітшілік пен мемлекеттер арасы қатынастардың құрылуына байланысты екі жақты келісім» жобасының кейбір баптарында келісімге келді.  Сонымен бірге кейбір маңызды тақырыптардағы ұстанымдарының өзгеше екенін қабылдады» деп айтылды.

Тараптар келіссөздерді өткізгені үшін АҚШ-қа алғыс білдірді және келіссөздерді жалғастыруға шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар