Солтүстік Кипр бақылаушы мүше болды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мәжілісі ТүрікПа-ға «бақылаушы» мүше ретінде қабылданды.

1980970
Солтүстік Кипр бақылаушы мүше болды

Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) мәжілісінің Түрік мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына (ТүрікПа) «бақылаушы» мүше ретінде қабылданғанына өте қуанышты екенін білдірді.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі жазбаша мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеде «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі ұйымдастырған ТүрікПа 12-ші Бас Ассамблеясында СКТР Республикалық парламентінің ұйымның «бақылаушы» мүшесі ретінде қабылданғанына өте қуаныштымыз» деп айтылды.

Мәлімдемеде түрік әлемінің ажырамас бөлігі Кипр түріктері мен түрік мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастардың нығаюына үлес қосатын бұл тарихи шешімі үшін ТүрікПа-ға мүше елдерді құттықтап, шешімнің СКТР үшін пайдалы болуын тіледі.

Кеше Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өткен ТүрікПА Кеңесінің бірауыздан қабылдаған шешімімен СКТР Республикалық Мәжілісі ұйымға бақылаушы мүше болды.



Ұқсас жаңалықтар