Әзербайжанның ауыр атлеттері Бакуге оралды

Армениядағы туға жасалған шабуылдың артынан әзербайжандық ауыр атлеттер Бакуге оралды.

1975476
Әзербайжанның ауыр атлеттері Бакуге оралды

Арменияда өткен ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатына қатысқан, бірақ ашылу салтанатында жалауы өртенген соң еліне оралуға шешім қабылдаған әзербайжандық ауыр атлеттер Бакуге келді.

Ереваннан Грузияға дейін құрлық арқылы, ол жерден ұшақпен елге оралған ауыр атлеттер Гайдар Әлиев халықаралық әуежайында қалың топ тарапынан қарсы алынды.

Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Эмиль Алиев баспасөзге Арменияға соғысуға емес, жарысқа барғандарын, бірақ Әзербайжан туы өртенген оқиғаға қатты ренжігендерін тілге тиек етті.

Әлиев «Неше жылдан бері спортпен айналысып келемін. Бір елдің басшысы тұрғанда, екінші елдің туын өртеп жіберу жай оқиға емес. Туды өртегендер болса «батыр» деп жарияланды. Бұл жағдайға үнсіз қала алмаймыз» деді.

Арменияда ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатының кешегі ашылу салтанатында ел тулары сахнаға шыққан кезде бір адам Әзербайжан туын ұстаған қыздың қолынан тартып алып өртеді.

Әзербайжанның Жастар және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті бұл оқиғаның артынан спортшыларды кері қайтаруға шешім қабылдаған болатын.

Әзербайжан чемпионатқа 12 адамнан тұратын ауыр атлеттерімен қатысты.



Ұқсас жаңалықтар