Әлиев Селчук Байрактарды қабылдады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Байкар» компаниясының атқару директоры және технология жетекшісі Селчук Байрактарды қабылдады.

1969165
Әлиев Селчук Байрактарды қабылдады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми байланыстар аясында бас қала Бакуге барған «Байкар» компаниясының атқару директоры және технология жетекшісі Селчук Байрактарды қабылдады.

Әзербайжан президенттігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Байрактар ​​Әлиевке президент Режеп Тайып Ердоғанның сәлемі мен 6 ақпан күнгі жер сілкінісінің артынан жіберілген жәрдемдер үшін алғысын жеткізді.

Сәлемге алғысын білдірген Әлиев Байрактардан президент Ердоғанға өзінің сәлемін жеткізуін сұрады.

Түркияның Қорғаныс өнеркәсібінің соңғы жылдары үлкен табысқа қол жеткізгеніне және «Байкар» компаниясының бұл мәселеде жетекші рөл атқарғанына назар аударған Әлиев 2-ші Қарабах соғысында басқыншы армян күштерінің әскери техникасын жоюда «Байкар» әскери техникасының рөлін еске салды.

Кездесуде Әзербайжан мен Түркия арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынастарының барлық салалардағы сияқты қорғаныс өнеркәсібінде де табыспен дамып келе жатқанын баса айтылып, ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасылды.

Селчук Байрактар қабылдауда ​​Әзербайжан мен Түркия бауырластығын жоғары технологияны дамыту экожүйелері арқылы нығайту мақсатымен жаңа құрылған «Bayraktar Technology Azerbaycan» компаниясы туралы президент Әлиевке ақпарат берді.

Байрактар ​​президент Әлиевке «Байкар» тарапынан отандық болып жетілдірілген және Түркияның алғаш пилотсыз әскери ұшағы «Bayraktar Kızılelma»-ның үлгісін сыйға тартты.



Ұқсас жаңалықтар