Қазақстанда автомобиль өндірісі артып келеді

2023 жылдың ақпан айында елде 10 430 автокөлік шығарылған.

1964788
Қазақстанда автомобиль өндірісі артып келеді

 

Қазақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығының мәліметі бойынша, 2023 жылдың ақпан айында елде 10 430 автокөлік шығарылған.

Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі жаһандық рисктерге қарамастан дамып келеді.

Қазақстан автокөлік саудасы қауымдастығы ақпан айында елде 10 мың 430 көлік шығарылғанын хабарлады. Мысалы өткен жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда өндіріс көлемі 36,8 пайызға артқан. Осылайша автомобиль өнеркәсібі өндірісінің үлесі елдегі жалпы машина жасау өнімінің 47%-ын қамтыды.

Елде автомобиль өнеркәсібін дамыту және өндірісті ұлғайту үшін жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Қостанай қаласында елдегі автозауыт ұжымының біліктілігін арттыру және адамдарға сапалы білім беру мақсатында 250 орындық заманауи қалашық құрылысы басталды.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 232 миллиард теңге құнында 19 537 түрлі көліктер шығарылды.



Ұқсас жаңалықтар