"Әзербайжан проблеманы бейбіт жолмен шешуді қалайды"

Асаф Хаджиев Анадолы агенттігіне сұхбат берді.

1964394
"Әзербайжан проблеманы бейбіт жолмен шешуді қалайды"

Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық ассамблеясының Бас хатшысы Асаф Хаджиев ешқашан соғысты қаламаған Әзербайжанның Армениямен проблемасын бейбіт жолмен шешуді қолдайтынын айтты.

Хаджиев Анадолы агенттігіне берген сұхбатында Әзербайжан мен Армения арасындағы территория тұтастығы келіспеушілігінің енді тамырынан шешілуі керектігіне назар аударды.

Каталония тәуелсіздік талабын еске салған Хаджиев «Еуропа Одағы Испанияны қолдады және талапты «қабылданбайтын» деп сипаттады. Испанияның территория тұтастығына құрмет көрсеткендер тақырып Қарабахқа келгенде Арменияға берілуі үшін шақыру тастады. Испанияның терртория тұтастығына құрмет көрсеткендер Әзербайжанның да территория тұтастығына құрмет көрсетуі керек. Әйтпесе бұл қос стандарт болады» деді.

Хаджиев Әзербайжанның Қарабах шайқасында басқыншылық астындағы жерлерінің көбін алғанын айтып, Армения диалогқа жанаспайтын болса Әзербайжанның қалған жерлерді де алу үшін күш қолданатынын білдірді.

Ешқашан соғысты қаламағандарын атап көрсеткен Хаджиев «Әрине Армениямен жаңа соғыс қаламаймыз. Себебі соғыста жастарымыздан айрылып қаламыз.  Біз Армениямен проблеманың бейбіт жолмен шешілуін қолдаймыз.  Армения да соғыс жолымен емес,  үстелде диалог арқылы қалған жерімізді қайтарар деп ойлаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар