Әлиев: "Азсандылар Атазаңның қорғауында"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев барлық азсандылардың өз елінде Атазаңның қорғауында екенін мәлімдеді.

1957373
Әлиев: "Азсандылар Атазаңның қорғауында"

Бакуде ұйымдастырылған «10-шы Жаһандық Баку форумы» аясында баяндама жасаған Әлиев Армения мен Әзербайжан арасындағы мәселелер мен 2-ші Қарабах соғысына тоқталды.

Дүниедегі қақтығыстардың соғыс немесе бейбітшілік арқылы шешілгенін атап көрсеткен Әлиев «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің "армян әскерлері Әзербайжан жерінен сөзсіз шығуы керек" деген қарарлары орындалсын деп күттік. Бірақ Армения бұл шешімдерді елемеді. Шешім үшін құрылған ЕҚЫҰ-ның Минск тобы (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) болса мәселені шеше алмады. Біз де дұрыс деп білген нәрсемізді жасадық. Өз жерімізді басқыншылардан күштеп кері қайтардық» деді.

Әлиев Арменияның басқыншылық бойынша Әзербайжан жерінде жасаған қирауларға тоқталып, «Әзербайжан халқының кек алуға рухани құқығы бар. Бірақ біз кегімізді майданда қайтардық. Ешқандай әскери қылмыс жасаған жоқпыз. Армения сияқты геноцид жасамадық. Енді бейбітшілік заманы. Соғыстан кейін тыныштық табамыз деген үміттеміз» деді.

Әлиев Әзербайжандағы армян тұрғындардың басқа азсандылар сияқты Атазаңның қорғауында екенін атап көрсетті.

Әлиев "Әзербайжанда әртүрлі діни және этникалық топ өкілі бейбіт және лайықты өмір сүруде» деді.



Ұқсас жаңалықтар