"Қанды қаңтар" құрбандары еске алынды

Ел көлемінде бір минуттық үнсіздік жарияланды.

1935827
"Қанды қаңтар" құрбандары еске алынды
azerbaycan kanli ocak anma2.jpg
azerbaycan kanli ocak anma1.jpg
azerbaycan kanli ocak anma.jpg

Әзербайжанда тәуелсіздік символына айналған және тарихқа «Қанды қаңтар» деген атпен енген 20 қаңтардағы қанды қырғын құрбандары еске алынды.

Әзербайжандар 1990 жылғы қырғын құрбандарын еске алу үшін Баку Шейіттер аллеясына ағылды. Бейіттерге қызыл қалампыр қойған азаматтар шейіттер рухына дұға бағыштады.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де шейіттер үшін ел көлемінде бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Түркияның Әзербайжандағы елшісі Джахит Багжы да Шейіттер аллеясына барып, шейіттердің қабірлеріне қалампыр гүлін қойып, дұға жасады.

1990 жылдың басында армяндардың талаптары мен Кеңес өкіметіне күшейген өз реакциясын көрсеткісі келген мыңдаған әзербайжандық Бакудегі Бостандық алаңына ағылып, ұзақ мерзімді шерулер бастаған еді.

Митингтерді тарату үшін 20 қаңтарда Бакудің әртүрлі аймақтарына кірген Кеңес армиясы 150-ге жуық бейбіт тұрғынды, соның ішінде әйелдер мен балаларды өлтіріп, жүздегенін жаралаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар