Өзбекстаннан Ауғанстанға гуманитарлық көмек

Өзбекстан Ауғанстанға 170 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

1922922
Өзбекстаннан Ауғанстанға гуманитарлық көмек

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Өзбекстан үкіметі Ауғанстанға 170 тонна гуманитарлық көмек жіберген.

Ұн, бидай, күріш, өсімдік майы, консервілер, киім-кешек және аяқ киім сияқты материалдардан тұратын көмек пакеттері құрлық арқылы Ауғанстанның Хайратан қаласына жеткізілді.

Гуманитарлық көмек материалдары Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исметулла Эргашев пен Сурхандария провинциясының губернаторы Тора Бабаловпен бірге Ауғанстан билігіне жеткізілді.

Көмекті қабылдау рәсімінде Талибан әкімшілігіне қарасты Балх облысының губернаторы Мухаммад Давуд Музаммил Өзбекстан әкімшілігіне қиын кезеңде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл көмектің екі елдің халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастың көрсеткіші екенін айтты..

Өзбекстан Рамазан айында Ауғанстанға 4 мың тонна, маусым айында 74 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.



Ұқсас жаңалықтар