Қазақстан делегациясы Анкарада болды

Бағдат Мусин бастаған делегация Түркияның Анкара  қаласына іс-сапармен келді.

1903174
Қазақстан делегациясы Анкарада болды
Heyet_Kazakistan_kazakça_kazakca

2-4 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  Бағдат Мусин бастаған делегация Түркияның Анкара  қаласына іс-сапармен келді.

Сапар аясында Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі агенттігі және «Turkish Aerospace» компаниясы өкілдерімен KazSat 3 спутнигін KazSat 3R-ге ауыстыру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Қазақстан делегациясы жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінің арқасында  көптеген маңызды салаларға (агроөлшеу, су ресурстары, орман, жер қойнауын пайдалану, қоқысты анықтау және т.б.) қажетті сервистер платформасын құру бойынша тәжірибемен бөлісті.

Бұдан бөлек «ULAC» компаниясы өкілдері  базалық станциялардың мониторинг жүйесі мен базалық станциялардың өндірісін қазақ делегациясына таныстырды.

Сонымен қатар медицина саласында цифрландыру тәжірибесімен танысу мақсатында қазақ министр Түркияның ең үлкен ауруханасына барып, 10 жыл бойы жұмыс істеп тұрған, клиникалардан барлық деректерді жинайтын орталықтандырылған e-Nabız жүйесімен (пульс) танысты.

Сондай-ақ министрге ауруханының зертханалық зерттеулер, дәрі-дәрмектердің, әсіресе вакциналар бойынша барлық процестерді бақылауға мүмкіндік беретін арнайы жүйесі көрсетілді.

Мәлімет пен суреттер елшілік баспасөз қызметінен алынды.



Ұқсас жаңалықтар