Қазақстанда шахта апаты

Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған жарылыс салдарынан 5 адам қаза тапты.

1901558
Қазақстанда шахта апаты

Облыстық әкімдіктің мәлімдемесіне қарағанда Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Ленин» шахтасында жергілікті уақытпен сағат 03:00 шамасында жарылыс болды.

Оқиға кезінде жер астында жатқан қалған 106 кеншінің 5-і қаза тапты. Жарақат алған төрт кеншіге медициналық көмек көрсетілді.

Тау-кен компаниясының ресми өкілі Арман Қалыков жарылыстың газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде метанның кенеттен бөлінуінен болғанын хабарлады.

Қалыков жарылыстан кейін 101 адамның жер астынан шығарылғанын, бірақ шахтаның кеуде бөлімінде қалған жұмысшылардың қаза тапқанын атап өтті.

Жарылысқа қатысты тергеу басталды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахтадағы жарылыстан қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты.

Тоқаев өз жолдауында үкіметке жарылысты тергеп, қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмекті көрсетуді тапсырғанын айтты.

ҚР Премьер-министр Әлихан Исмаилов болса «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына шахтада қауіпсіз жұмыс ортасын құру және өндірісті жаңғырту туралы ескертілгенін атап, жарылысқа қатысты үкіметтік комиссия құрылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар