Қайрат Сатыбалдының мүлкі Қазақстанға қайтарылады

2022 жылы қыркүйекте Астана соты шешімімен Қайрат Сатыбалдыға  алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

1901352
Қайрат Сатыбалдының мүлкі Қазақстанға қайтарылады

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының Қазақстаннан басқа елдердегі шетелдік құндылықтарға 300 миллион долларлық инвестиция салғаны жарияланды. 

Жалғасып жатқан тергеулер аясында  Қазақстанға 230 миллион долларлық құндағы арнайы зергерлік бұйымдар қайтарылды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен заңсыз жолдармен жолданған құндылықтарды зерттеу және елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. 

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға байланысты сот тергеулері жалғасуда. 

Қазақстан Республикасы Жемқорлықпен күрес басқармасы Қайрат Сатыбалдының  Қазақстаннан басқа елдердегі шетелдік құндылықтарға 300 миллион долларлық инвестиция салғанын хабарлады. Аталмыш сотта Қазақстанға 230 миллион доллардан астам құнға ие асыл тастар мен зергерлік бұйымдар қайтарылғаны білдірілді. Белгіленген құндылықтар алдағы күндерде Қазақстан бюджетіне құйылады. 

Басқарма тарапынан жасалған мәлімдемеде Қайрат Сатыбалды мен басқа да адамдар жайлы қылмыс жолымен қолға түсірілген ақша мен мал-мүліктерді заңдастыру үшін алдын ала тергеудің жалғасқаны білдірілді. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен заңсыз жолдармен шетелдерге жолданған құндылықтарды іздеу және елге қайтару жұмыстары жалғасуда.

Қайрат Сатыбалды Ұлттық Телекоммуникация операторы  "Қазақтелекомнан" өз атына ақша алу және  "Мемлекет қауіпсіздігін бұзған басқа да қылмыстармен" айыпталды және ағымдағы жылдың наурыз айында  ұсталып, түрмеге жабылды. 

2022 жылы қыркүйекте Астана соты шешімімен Қайрат Сатыбалдыға  алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. 

Қайрат Сатыбалды жазасын шегу үшін Шығыс Қазақстан облысындағы бір түрмеге жабылды.

Қайрат  Сатыбалды Назарбаев отбасының ұсталған алғашқы мүшесі болды. 



Ұқсас жаңалықтар