Ерсин Татар Көгілдір Отанның маңызын түсіндірді

СКТР президенті Ерсин Татар Көгілдір Отанның өздері үшін өте қасиетті болғанын айтты.

1890923
Ерсин Татар Көгілдір Отанның маңызын түсіндірді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Ерсин Татар елінің де Көгілдір Отанда да құқықтарының бар екеніне тоқталып, Көгілдір Отанның өздері үшін өте қасиетті болғанын айтты.

Бинали Йылдырым Университетінің 2022-2023 оқу жылының ашылуы және халықаралық Түркі әлемі симпозиумы бағдарламасы Эрзинджан қаласында өтті.

СКТР президенті Татар бағдарламада сөз сөйледі.

Татар сөзінде Көгілдір Отанды ерекше атап өтті.

Татар «Отан тек туған жер жер ғана емес, сонымен қатар теңіздердегі көмірсутектік-энергетикалық әлеуеті және ресурстарды, аспан мен әуе кеңістігінде құқығымызды, заңымызды, сондай-ақ ерік-жігерімізді білдіретін ұлттық сезімталдығымыз болып табылады» деген сөздер қолданды.

Кипрдегі күресінің негізінен егемендік пен мемлекет мәселесі екенін атап көрсеткен Татар «Жерорта теңізінің шығысы; сауда жолдары, энергетикалық дәлізі, сол жердегі Көгілдір Отан болып саналады. Осылардың барлығын қорытындылайтын болсақ, онда үлкен бір атамекен. Сондай-ақ бұл атамекен ол жердегі бүкіл түрік әлемінің жалғасы болып табылады» деп көрсетті.

СКТР президенті «Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Көгілдер Отанында да құқықтары  бар. Көгілдір Отан – біз үшін аса қасиетті» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар