ҚазҰПУ студенттері Газиантепте

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Газиантеп университетіне оқуға келді.

1889138
ҚазҰПУ студенттері Газиантепте

Қазақстанның тамырлы жоғары оқу орындарының бірі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері Газиантеп университетіне бір семестрге оқуға келді.

Газиантеп университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында қол қойылған ынтымақтастық хаттамасы аясында 15 студент Газиантеп университетіне бір семестрге білім алу үшін келді. Халықаралық қатынастар кеңсесі жүзеге асыратын бағдарламалар аясында Газиантеп университетіне жыл сайын Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен студенттер келеді, бірақ пандемияның теріс әсерінен кейін алғаш рет Түрік мемлекеттерінен де студенттер келді.

Газиантеп университеті ректоры Проф. Dr. Ариф Өзайдын түрік әлемінде маңызды орын мен имиджге ие Газиантеп университеті ретінде түрік әлемінің  білім саласындағы жобаларына қолдау көрсетуді жалғастыратындарын айтты. Ол осындай жұмыстарға үлес қосқандарға алғысын білдірді.

Газиантеп университетінің шетелдік студенттер мен қызметкерлерге арналған бағдарламалары туралы ақпарат берген Др. Нур Инжетахтажы сұраныс бойынша Қазақстанда TÖMER (Түрікше үйрету орталығы) ашу жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты.

Студенттер университет ректоры  Проф. Др. Өзайдынға шапан жапты.



Ұқсас жаңалықтар