Тоқаев Қарағанды облысына барды

Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев елде жаңа саяси дәуірдің басталғанын атап өтті.

1888768
Тоқаев Қарағанды облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Тоқаев «Қазақстанда олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып келеді, мемлекет азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілік дәуірі келе жатыр» деп көрсетті.

Тоқаев жұмыс сапарымен Қазақстанның ірі тау-кен және өнеркәсіп орталықтарының бірі Қарағанды ​​облысына барды. Cапар барысында мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысанмен танысты

Осында облыс халқымен кездескен Тоқаев өз сөзінде мемлекеттің елде жұмыс істейтін барлық ірі тау-кен компанияларын жіті қадағалап отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы «Біз капиталдың шетелге заңсыз кетуіне жол бермейміз. Сондай-ақ олар тарапынан іске қосылған әртүрлі  әлеуметтік бағдарламаларды тексереміз» деген сөздер қолданды.

Қазақстан Президенті жаңартылған Конституциямен елде жаңа саяси дәуірдің басталғанын айта келіп, «Қазақстанда олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып келеді, мемлекет азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілік дәуірі келе жатыр» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар