Папа Франциск Қазақстанда мәлімдеме жасады

Рим Папасы Франциск 15 қыркүйекте Қазақстанға сапары барысында кейбір иезуит діни қызметкерлерімен кездескені білдірілді.

1886070
Папа Франциск Қазақстанда мәлімдеме жасады

Католиктердің рухани жетекшісі және Ватикан президенті Рим Папасы Франциск бір соғыстың болып жатқанын және мұны тек Ресей-Украина соғысы деп ойлау қате екенін, бұл дүниежүзілік соғысқа айналғанын айтты.

Ватиканға жақын ақпарат сайттарында жарияланған хабарға қарағанда Рим Папасы Франциск 15 қыркүйекте Қазақстанға сапары барысында кейбір иезуит діни қызметкерлерімен кездескені білдірілді.

Рим Папасы Франциск осы сапарында иезуит басылымы "Civilta Cattolica-ға" мәлімдеме жасап, 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына тоқталғаны хабарланды.

Католиктердің рухани жетекшісі.
"Соғыс жүріп жатыр. Оны жақсысы мен жаманы бар ковбой фильмі деп ойлау қате деп есептеймін. Сонымен бірге бұл Ресей мен Украина арасындағы соғыс деп ойлау қате. Керісінше бұл дүниежүзілік бір соғыс» деп көрсетті.

Рим Папасы сонымен қатар Украинаға баруы жариялаған сапарының қазіргі кезеңде күн тәртібінде жоқ екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар