Түрік елінде қазақ анимациялық фильмінің тұсауы кесілді

Анкарада «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» атты мультфильмінің тұсаукесері өтті.

1884617
Түрік елінде қазақ анимациялық фильмінің тұсауы кесілді

Түрік елінде қазақ анимациялық фильмінің тұсауы кесілді.

Бас қала Анкарада «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» атты мультфильмінің тұсаукесері өтті.

«Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» анимациялық қазақ мультфильмінің тұсаукесерін Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен ТР Түркі тарихы және мәдениеті қоры (TÜRKTAV) бірігіп ұйымдастырды.

Тұсаукесерге аталған мультфильмнің режиссері, аниматор Маржан Жұбанышева мен суретші және мультфильмді қоюшы сценарист Үміт Жұбанышева арнайы келді.

Түркияда бірінш ірет көрсетілген қазақ режиссерінің мультфильмі көрермендердің көңілінен шықты.

Бұл туынды Токиода өткен халықаралық фестивальде «Үздік анимация» номинациясы бойынша алтын медаль жеңіп алған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар