Тоқаев: "Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады"

1991 жылдың дәл осы күні Семей ядролық полигоны жабылды.

1873553
Тоқаев: "Қазақстан ядролық қауіпсіздік қағидаттарын әрдайым берік ұстанады"

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық жарылыстардың қазақ жеріне орасан зор зиян келтіретінін атап, «Бұл трагедия қайталанбауы керек. Біздің еліміз әрқашан ядролық қауіпсіздік қағидаттарына берік болады» деді.

29 тамыз – Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. 1991 жылдың дәл осы күні Семей ядролық полигоны жабылды.

Бүгінгі күннің адамзат үшін үлкен маңызға ие екеніне назар аударған Тоқаев «Бұл трагедия қайталанбауы керек. Біздің еліміз әрқашан ядролық қауіпсіздік қағидаттарына берік болады» деді.

Осыдан 31 жыл бұрын Қазақстан елде 40 жыл бойы үздіксіз ядролық сынақтар өткен Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім қабылдап, әлемдегі ең ірі 4-ші жаппай қырып-жоятын қару арсеналынан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекет болып тіркелді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қазақстанның бастамасымен 29 тамыз күнін «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп таныды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ядролық қарусыздандыруды сыртқы саясатындағы басты мәселелердің біріне айналдырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен 2010 жылдан бері жыл сайын бүкіл әлемде тойланып келе жатқан атаулы күнге орай Қазақстанда түрлі шаралар өткізілуде.

1947 жылы құпия шешіммен Қазақстан аумағында Кеңес Одағының алғашқы ядролық полигоны салынды.

Кеңес Одағы 1949 жылы 29 тамыз күні Шығыс Қазақстандағы Семей қаласынан 130 шақырым жердегі үлкен бір алаңда алғаш ядролық қаруын сынады. Семей ядролық сынақ полигонында 40 жылда барлығы 456 ядролық сынақ жүргізілді.

1,5 миллионнан астам адам зардап шеккен ядролық сынақтардың нәтижесінде облыста көптеген сәбилер мүгедек болып туылып, қоршаған орта радиоактивті изотоптармен ластанды.

Алайда 1989 жылы қазақ ақыны Олжас Сүлейменов негізін қалаған «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының мүшелері ядролық полигонды жабуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыра бастады.

Ел көлемінде көптеген азамат қатысқан митингтерге себеп болған қозғалыстың шақырулары мақсатына жетті.

1989 жылы 19 қазан күні Семей ядролық полигонында соңғы ядролық сынақ жүргізілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар