Моңғолияда Құтлық Елтеріс қағанның кешені ашылды

Ғалымдар Ұланбатырда осы тақырыпқа арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

1871926
Моңғолияда Құтлық Елтеріс қағанның кешені ашылды

Моңғолияның Өтүкен аймағында жүргізілген ғылыми қазба жұмыстары нәтижесінде Көктүрік мемлекетінің билеушілері Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазбасы табылды.

Бас қала Ұланбатырда осы тақырыпқа арналған баспасөз мәслихатында сөз алған Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясымен Өтүкен аймағындағы Номғон алқабында 2019 жылы басталған қазба жұмыстарының сәтті аяқталғанын айтты.

Қазба жұмыстары нәтижесінде Күлтегін мен Білге қағанның әкесі Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазбасын ашқандарын атап көрсеткен Қыдырәлі «Ескерткіш мәтінінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, «Номғон» кешенінің Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен Күлтегін мен Білге қағанның әкесі Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген қорытындыға келдік. Сонымен қатар бұл кешен «түрік» атауы алғаш рет қолданылған Көктүрік дәуірінің ең көне жазба ескерткіші ретінде қабылданады» деді.

Дархан Қыдырәлі батыстан шығысқа қарай сопақ пішінде салынған кешен 49 шаршы метр аумақтан тұратынын айтты.

Бұған қоса Қыдырәлі кешеннің қақпасына 51 балбал тастың ретке келтіріліп қойылғанын, сонымен қатар кешен ішінде ғибадат орны бар екенін дәлелдейтін кірпіш қалдықтар мен жолға саз төсеніш төселгенін атап көрсетті.

Қыдырәлі Халықаралық Түркі академиясы ретінде Номғон қазбаларының нәтижелері бойынша ғылыми бір кітап дайындайтындарын және оны барлық түркі мемлекеттерінің бас қалаларында насихаттауды жоспарлап отырғандарын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар