СІМ қырғыз әріптесімен кездесті

Кездесуде қарым-қатынастар талқыланды.

1869254
СІМ қырғыз әріптесімен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қырғызстаннан Түркияға дейін барлық бауырлас елдерді қамтитын географияны логистикалық орталыққа айналдыруды мақсат еткендерін білдірді.

Министр Чавушоғлу Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен ел астанасы Анкарада екіжақты кездесуден кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Екі жақты қарым-қатынастармен қатар екі ел арасында қол қойылған келісімдер мен талқыланған мәселелердің қадағаланғанын айтқан Чавушоғлу кездесуде жаңа келісімдердің де қарастырылғанын білдірді.

Қарым-қатынастардың одан әрі дамуының талқыланғанын айтқан Чавушоғлу транспорт және тасымалдау саласында нақты қадамдарға назар аударды.

«Түрік Мемлекеттері Ұйымы ретінде әсіресе транспорт және тасымалдағы қиындықтарды шешу және кедергілерді жою үшін көп жұмыс істеп жатырмыз. Қырғызстаннан Түркияға дейін барлық бауырлас елдерді қамтитын географияны логистикалық орталыққа айналдыруды мақсат етіп отырмыз» деді ол.

Чавушоғлу Қырғызстан мен Түркия арасындағы ортақ тарих, мәдениет және тамырларға да тоқталып, екі елдің мәдениет, білім және денсаулық сақтау сияқты салаларда ынтымақтастықты дамытуы керектігін атап көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу әсіресе Фетуллахшы террор ұйымымен (FETÖ) күрестің де талқыланғанына назар аударды. «Бұрынғы кезде бізде болғандай FETÖ мектептері Қырғызстанға да қауіп төндіретінін ағайын ретінде еске салдық» деді ол.

Министр кездесуде Украина және Ауғанстан сияқты аймақтық және жаһандық мәселелердің де талқыланғанын білдірді.

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Кулубаев та екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өткендерін еске салып, елінің тәуелсіздік алғаннан бері Түркияның қолдауын сезінгенін айтты.

Кулубаев «Түркияның FETÖ-ге қатысты сезімталдығын білеміз, қауіпсіздік ұйымымыз бұл тақырыпта  жұмыс істеп жатыр” деді.



Ұқсас жаңалықтар