"Түріксой Суретшілер кездесуі" басталды

Суретшілер кездесуі баспасөз мәслихатымен бастау алды.

1869118
"Түріксой Суретшілер кездесуі"  басталды

Түріксойдың дәстүрлі іс-шараларының бірі және биыл 22-ші рет өтетін «Түріксой Суретшілер кездесуі» Түркияның тарихи қалаларының бірі Сафранболуда басталды.

22-ші Түріксой Суретшілер кездесуі 16 тамызда Сафранболу қаласының мэрі Элиф Көсе мен Түріксойдың Әзербайжандағы өкілі, жоба үйлестірушісі Эльчин Гафарлының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатымен бастау алды.

Эльчин Гафарлы баспасөз мәслихатында Түріксой ұйымы құрылғаннан кейін көп ұзамай Түрік әлеміндегі кескіндеме өнерімен жақынырақ танысу, елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырыла бастағанын айтты.

1997 жылдан бері үздіксіз өткізілген кездесулерге үш жүзге жуық талантты суретшінің қатысқанын айтқан Гафарлы 2000-ға жуық туындының қазір Түріксой сурет жинағында орын алғанын білдірді.

«Жыл сайын Түріксой суретшілер кездесуіне қатысқан суретшілеріміздің жұмыстарын құзырлы комиссия бағалап, ең әдемі картинаның авторы «Түріксой кескіндеме сыйлығымен» марапатталады. 2022 жылы 16-28 тамыз аралығында Сафранболуда өтетін Түріксой суретшілерінің 22-ші кездесуіне Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Гагаузия (Молдова), Татарстан, Чувашия, Саха-Якут, Солтүстік Македония және Косово суретшілері қатысуда” деді ол.

Сафранболу мэрі Элиф Көсе өз сөзінде “Олар 28 тамызға дейін тарихи мекендерде салатын суреттерінде Сафранболудың сұлулықтары мен тарихын көрсетеді және суретшілерімізге 10 күндік жұмыста сәттілік тілеймін. Нәтижесінде Түріксой сурет көрмесі ашылады. Көрме Лейла Диздар атындағы мәдениет орталығында 29 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жалғасады” деді.



Ұқсас жаңалықтар