Қарқаралы ауданы журналистерге таныстырылды

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған турда журналистерге облыстың тарихи және туристік  мекендері таныстырылды.

1855234
Қарқаралы ауданы журналистерге таныстырылды

Қазақстанда жергілікті және шетелдік журналистерге Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық саябағында баспасөз туры ұйымдастырылды.

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған турда журналистерге облыстың тарихи және туристік  мекендері таныстырылды.

Баспасөз турына қатысқан жергілікті және шетелдік журналистерге облыстың тарихи және туристік  мекендері көрсетілді. Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын Қарқаралы ауданының Қазақ Хандығы мен Кеңестер Одағы кезінде ел үшін маңызды саяси шешімдер жасалған  мекен ретінде танылғанын айтты.

Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын: "Баспасөз турының мақсаты аудан жайлы тың тұғыр қалыптастыру. Өйткені түрлі тарихи деректерде Қарқаралы ауданы 1824 жылы Орыс Империясының әскери бекінісі ретінде пайда болғаны жазылуда. Алайда бұл жердің ол кезге дейін де бір тарихы бар болатын. Көптеген ескі елді мекен, туристік және ғибадат мекендері бар. Турға қатысқан тарихшылар мен журналистер арқылы ауданның тарихын қайтадан таныстыруды және көрсетуді жөн көрдік" деді.

Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген журналистер аудандағы тарихи ғимараттар мен табиғи көркемдіктерді суретке түсірді. Баспасөз турына қатысқан танымал архитектор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Мәлібеков тарихи ғимараттардың құрылымын ғылыми тұрғыдан зерттеу және мәлімет жинау үшін келгенін айтты.

Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, архитектор  Жандарбек Мәлібеков:  "Елтаңбасында Түркі әлеміне байланысты ортақ құндылықтарды көруге болады. Елтаңбаның барлық мазмұны өте мағыналы. Береке-бірлігіміздің символы. Осы мазмұндар ортақ тарихымыздан туындайды. Оларды ортақ символға айналдыру үшін тарихымызды жақсы білгеніміз жөн.  Осы аймақта бірнеше тарихи кезеңнің іздері қалған. Бір архитектор ретінде оларды зерттеу және халыққа таныстыру мақсатымен бүгін осы мекенге келіп отырмын" деді.

Облыс тарихы таныстырылған баспасөз турында Құнанбай Қажы мешіті, Этнографиялық-мәдени мұражай, Байырғы Тас дәуірі қорғандары таныстырылды.

 



Ұқсас жаңалықтар