Путин мен Мирзиеев сөйлесті

Путин мен Мирзиеев Өзбекстанға қарасты Қарақалпақстандағы жағдайды талқылады.

1852679
Путин мен Мирзиеев сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен Өзбекстанға қарасты Қарақалпақстандағы жағдайды талқылады.

Ресей президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда, Путин Мирзиеевпен телефонда сөйлесті.

Қарақалпақстандағы жағдай талқыланған телефон әңгімесінде орыс жағы Өзбекстан билігіне аймақтағы жағдайдың тұрақтануы үшін жүргізген істеріне қолдау білдіргенін айтты.

Путин мен Мирзиеев екі жақты қатынастарды да қолға алды, елдері арасындағы серіктестіктің нығайтылуы бағытында келісім білдірді.

Өзбекстан Атазаңында Қарақалпақстан автономды республикасының мәртебесіне байланысты баптың өзгертілетіні туралы ұсыныстар күн тәртіпке келгеннен кейін 1 шілде күні наразылық акциялары басталған еді. Өзбекстан Ішкі істер министрлігі аталмыш наразылықты ел атазаңындағы көзделген өзгерістерді «қате түсінген» бір топ азамат ұйымдастырғанын білдірген еді.

Осыған орай Өзбекстан президенті Мирзиеев Нүкіс қаласына барып,  осындағы азаматтармен бас қосып,  Қарақалпақстанның мәртебесінің өзгермейтінін айтты. Наразылықтар жалғасқандықтан президенттің жарлығымен 2 тамызға дейін төтенше жағдай жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар