Әлиев Мишельмен сөйлесті

Әлиев азат етілген топырақтарда Әзербайжан бетпе-бет келген мина проблемасына назар аударды.

1851773
Әлиев Мишельмен сөйлесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Еуропа Одағы кеңесі басшысы Шарль Мишельмен телефонда сөйлесті.

Әзербайжан президенттік аппаратының хабарламасына қарағанда,  Әлиев Мишельдің бастамасымен өткізілген үштік жиналыстар және осының нәтижесінде келісілген келісімдерді еске салып,  Армения мен Әзербайжан аасындағы қатынастардың қалыпқа келуі,  бейбітшілік келісіміне қол қою, шекараның анықталуы және қатынас желілерінің ашылуы бағытындағы келіссөздерден нақты нәтижесі шығатынына үмітті екенін білдірді.

Ильхам Әлиев азат етілген топырақтарда Әзербайжан бетпе-бет келген мина проблемасына назар аударып,  І Қарабах соғысынан бері табылмаған шамамен төрт мыңдай Әзербайжан әскерінің тағдырын Арменияның ашып беруі керектігін атап көрсетті.

Мишель де оңтүстік Кавказда тұрақтылық, бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнауының ЕО үшін маңызды екенін айтты.  Ол Еуропа Одағының Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың қалыпқа келуі,  бейбітшілік келісімі, шекараның анықталуы және қатынас желілерінің ашылуы үшін жұмыстануды жалғастыратынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар