Қарақалпақстандағы оқиғаларда 18 кісі қаза тапты

Президент Шавкат Мирзиеев қол қойған шешіммен Қарақалпақстан Автономиялық Республикасында 2 тамызға дейін төтенше жағдай жарияланды.

1851579
Қарақалпақстандағы оқиғаларда 18 кісі қаза тапты

Өзбекстанның Қарақалпақстан Автономиялық Республикасында 1-2 шілдеде болған оқиғада 18 адам қаза тауып, 243 адам жарақат алғаны хабарланды.

Өзбекстанның Бас прокуратурасының мәлімдемесінде елдің Конституциясындағы Қарақалпақстан Автономиялық Республикасының мәртебесіне байланысты баптарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар күн тәртіпке келгеннен кейін наразылық шерулері өткен Қарақалпақстанның орталығы Нүкіс қаласында 1-2 шілдеде болған оқиғада 18 адам қаза тапқаны, 243 адам жарақат алғаны білдірілді.

Жаралы 94 кісі ауруханаға жеткізілгені, кейбір жаралылардың жағдайы ауыр екені білдірілген мәлімдемеде  516 адамның ұсталғаны хабарланды.

Өзбекстан Конституциясында Қарақалпақстан Автономиялық Республикасының мәртебесіне байланысты баптарға өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар күн тәртіпке  келгеннен кейін 1 шілдеде Қарақалпақстанда протест шерулері басталды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев осыған орай Нүкіс қаласына барып, ереуілшілермен кездесті және Қарақалпақстан Автономиялық Республикасының мәртебесі өзгермейтінін жариялады.

Ереуілдердің жалғасуы себепті президенті Шавкат Мирзиеев тарапынан қол қойылған шешіммен Қарақалпақстан Автономиялық Республикасында 2 тамызға дейін төтенше жағдай жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар