«Кенесары хан» кітабының тұсауы кесілді

Халықаралық Түркі академиясы «Хан Кенеге тағзым» атты іс-шара ұйымдастырды.

1839216
«Кенесары хан» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, Кенесары Қасымұлының 220 жылдық мерейтойына орай «Хан Кенеге тағзым» атты іс-шара ұйымдастырды.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан  Қыдырәлі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, танымал ғалымдар, ЖОО ұстаздары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен БАҚ жетекшілері қатысты.

Тағылымды іс-шараға қатысушылар алдымен Нұр-Сұлтан  қаласындағы «Қараөткел» зиратына барып, осында жерленген Кенесары хан сарбаздарының рухына тағзым етті.

Бұдан кейін алқалы жиын  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында жалғасты.

Келелі басқосу аясында Түркі академиясы әзірлеген «Кенесары хан» атты кітаптың тұсаукесер рәсімін жасалды.
Жинаққа Кенесары хан мен оның қасындағы Наурызбай,  Саржан, Есенгелді батырлардың қаһармандығы мен ерлігі жырланған аңыз-әңгімелер, тарихи жыр-дастандардың таңдаулы үлгілері  іріктелеп топтастырылған.

Көпшілік назарына ұсынылған «Кенесары хан» кітабын М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкерлері Нұржұма Елесбай және Насихат Набиолла қолжазбадан оқып мәтінтанулық жұмыстар атқарып, құрастырып шығарды.

 

Мәтін және сурет академияның парақшасынан алынды. 



Ұқсас жаңалықтар