Қазақстан Президенті Тоқаев Қырғызстанда

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды.

1832993
Қазақстан Президенті Тоқаев Қырғызстанда

Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров еліне шақырған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекеттік рәсіммен қарсы алды.

Қырғызстан Президентінің резиденциясында Жапаров пен Тоқаев оңаша және делегациялар арасында кездесу өткізді.

Делегациялар арасындағы кездесуде сөз алған Жапаров «Екі ел арасында айтарлықтай саяси қайшылық жоқ» деді.

Жапаров Қырғызстан мен Қазақстанның бірлескен күш-жігерінің арқасында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейетінін мәлімдеді.

Қырғызстанға сапарының екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың қалыптасуының 30 жылдығына орай жүзеге асқанына назар аударған Тоқаев «Бүгінгі таңда Қырғызстанда сіздің мықты басқаруыңызбен маңызды саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттің күшеюі, ұлт бірлігі мен Қырғызстанның әлемдегі беделін нығайту жолындағы барлық күш-жігеріңізді қолдаймыз. Қазақстан ретінде біз осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз» деді.

Сондай-ақ Тоқаев Жапаровтың Қазақстанмен көпқырлы әріптeстік орнату талпынысы мен осы бағыттағы ерекше күш-жігерін жоғары бағалағанын айтты.

Екі ел арасында авиациялық іздестіру-құтқару саласында ынтымақтастық туралы келісімге қоса білім беру, ауыл шаруашылығы, экономика, логистика және жергілікті өзін-өзі басқару салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар