СКТР-да  коалиция үкіметі құрылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында үш партиядан құралған коалиция үкіметі құрылды.

1817738
СКТР-да  коалиция үкіметі құрылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) Ұлттық бірлік партиясы(ҰБП), Демократиялық партия (ДП) және Қайта тірілу партиясынан (ҚТП) құралған коалиция үкіметі ҰБП  төрағасы Фаиз Суджуоғлуның басшылығында  құрылды.

Еске сала кетейік, 23 ақпанда өткізілген ерте сайлауда Ұлттық бірлік партиясы дауыстардың  39,54 пайызын жинап, бірінші орынды иелеген еді.

Сайлауда Республикашыл Түрік партиясы (РТП) 32,04 пайыз, Демократиялық партия (ДП) 7,41 пайыз, Қайта тірілу партиясы (ҚТП) 6,39 пайыз, Халық партиясы (ХП) 6,68 пайыз дауыс жинаған болатын.

Аталмыш көрсеткіштерге қарағанда 50 ​​депутаттан тұратын Республикалық Мәжілісте Ұлттық бірлік партиясы 24 орын, Республикашыл Түрік партиясы 18, Демократиялық партия 3, Халық партиясы 3, Қайта тірілу партиясы 2 орын алған еді.

 



Ұқсас жаңалықтар