«Қазақстан және Ковид-19: БАҚ, мәдениет, саясат» кітабының тұсаукесері өтті

Жаңа кітапта Қазақстан COVID-19 індеті кезінде БАҚ, мәдениет және саясат тұрғысынан қолға алынды.

1812654
«Қазақстан және Ковид-19: БАҚ, мәдениет, саясат» кітабының тұсаукесері өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы  Халықаралық Түрік-Қазақ университеті және "Фридрих  Эберт" қоры жаңа кітап  таныстырды.

Жаңа еңбек эпидемия кезіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы, саясат пен мәдениет саласындағы зерттеулерді қамтиды.

Түркістанда «Қазақстан және Ковид-19: БАҚ, мәдениет, саясат» кітабының тұсаукесері өтті. Кітапты Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Түрік-Қазақ университеті және "Фридрих  Эберт" қоры бірлесіп шығарылды. Жаңа кітапта Қазақстан COVID-19 індеті кезінде БАҚ, мәдениет және саясат тұрғысынан қолға алынды.

«Фридрих Эберт" қоры менен Қазақстандағы медианың COVID-19-бен байланысы, БАҚ-тағы жалған жаңалықтар туралы зерттеу жүргізуді сұрады. Сондықтан мен егер біз зерттеу жүргізетін болсақ, бұл жай ғана зерттеу болмауы керек дедім. Біз мұны бірнеше ғалыммен бірге жүргіземіз деп жоспарладық. Қор мұны мақұлдаған соң, ғалымдарға хабар бердік. Елуден астам зерттеу тақырыбы келіп түсті» деді жәрналист Молдияр Ергебеков.

Кітапқа осылайша  20 жас зерттеушінің жұмысы енді.

Зерттеушілер індет кезеңінің қазақстандық БАҚ беттеріндегі көрінісіне баса назар аударды.

Кітаптың тұсаукесерде зерттеушілер өз жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

Молдияр Ергебеков:  «Қазақстандағы өнер, COVID-19 кезеңіндегі өнер, экономика және саясат қатынастары, біз осы тақырыптардың барлығын қамтуға тырыстық. Ал 2021 жылдың жазында кітабымыз жарық көрді. Әзірге біз оны Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында таныстырдық. Ал бүгін Түркістан қаласында насихаттап жатырмыз» деді.

Аталмыш кітап 600 данамен басылып, оқу орындарына тегін таратылды.



Ұқсас жаңалықтар